Бізде енді ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары жоқ - Седов

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Владимир Седов. © wfrk.kz Владимир Седов. © wfrk.kz

Ауыр атлетикадан бұрынғы әлем чемпионы Владимир Седов допинг дауына басты кінәлі адам деп Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ауыр атлетикадан бұрынғы әлем чемпионы Владимир Седов допинг дауына басты кінәлі адам деп Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниді атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Седовтың айтуынша, енді қазақстандық ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары жоқ. "2016 жылдың 20 маусымы - бұл Қазақстанның ауыр атлетикасына және қазақстандық спортқа ауыр күн. Бізде енді ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары жоқ. Бұған кім кінәлі? Илья Ильин демексіздер ме? Ал мен сіздерге "жоқ" деймін. Барлығына да Алексей Геннадьевич Ни жауапты. Неліктен дейсіздер ғой? Себебі ол барлығын бақылайды, спортшылардың қайда, қалай тамақтанатынын бақылайды.

Алексей Геннадьевич, сіз өзіңізге жақпайтын спортшыларды алып тастайтынсыз. Сіздің бетіңізге шындықты айтатын спортшыларды. Сол Эдуард Тюкинді алайықшы, ол Ресейден келді, құрамадан бөлек дайындалды (Қазақстан құрамасы - Vesti.kz ескертпесі) және 2008 жылғы Олимпиадаға іріктеуден өтті. Ол өзге спортшылардан рейтингте биік болды және Олимпиада алтыны үшін күресуге дайын еді, бірақ сіз, өзіңіз айтпақшы, болашағынан үміт күттіретін жастарға мүмкіндік бергіңіз келді. Бұл - сіздің жұмысыңыз. Сіз бірінші кезекте сізге сенген Илья Ильиннің, Светлана Подобедованың, Майя Манезаның және Зүлфия Чиншанлолардың алдында жауап беруіңіз керек", - деп жазды Седов Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсеткен еді. Ал оған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro