Чемпиондарымыз сәуірден бастап сынға түседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чемпиондарымыз сәуірден бастап сынға түседі Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы - Илья Ильин. Сурет: zimbio.com

Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарында топ жарған зілеміршілер Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанло сәуір айынан бастап сынға түседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ауыт атлетикадан Қазақстан құрамасы ел біріншілігін Алматыда өтетін әлем біріншілігіне деген алғашқы дайындық деп қарастыруда. Сондықтан да сәуір айында Талдықорғанда өтетін ауыр ателикадан Қазақстан чемпионатына Лондон Олимпиасының жеңімпаздары Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанлолар қатысады деп күтілуде. Бір жылдық үзілістен кейін бұл спортшылардың барлығы да 2013 жылдың соңында жаттығу жұмыстарына кіріскен болатын. Қазіргі таңда Ильин өз командасымен бірге шет елде дайындалып жатса, қалған үш қызымыз ұлттық құрамамен бірге Алматыда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жүр. Сонымен қатар Қазақстан чемпионаты барысында бапкерлер кеңесі мен ауыр атлетика федерациясының кезекті жиыны өтетіндігі жоспарлануда. Жалпы, биыл біздің зілтеміршілер бірнеше халықаралық турнирлерге қатысатын болады. Олардың қатарында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Кореяның Инчхон қаласында өтетін Азия ойындары мен, 18-24 қараша аралығында 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына лицензиялық ұпай беретін Алматыдағы әлем біріншілігі бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети