Чимаев алғашқы жеңілісіне жақын еді, бірақ UFC 273 шешімімен қарсыласын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чимаев алғашқы жеңілісіне жақын еді, бірақ UFC 273 шешімімен қарсыласын жеңді ©instagram.com/khamzat_chimaev/

Джексонвиллде (Флорида, АҚШ) UFC 273 турнирінде бразилиялық Гилберт Бернс (20-5) пен шешен тектес швед Хамзат Чимаев (11-0) арасында жартылай орта салмақтағы жекпе-жек өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бірінші раундта Чимаев жеңіске жақын болды, бірақ қарсыласын жыға алмады. Бірақ екіншісінде Бернс өзін жақсы көрсетті, Хамзатты құлатты, бірақ соңғысы айладан шыға алды. 

Үшінші раундта файтерлер шабуылды жалғастырды. Чимаев қысым көрсетті, ал Бернс сәл қалыңқырап тұрса да, оң жақтан қауіпті соққылар жасап, есе қайтарды.

Айта кетейік, бұл жекпе-жекте Чимаев карьерасындағы алғашқы жеңіліске тап болуы мүмкін еді, бірақ мінез көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети