Чили құрамасы Бразилиядағы Әлем Чемпионатында Аустралияны жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чили құрамасы Бразилиядағы Әлем Чемпионатында Аустралияны жеңді

Чили құрамасы Бразилиядағы Әлем Чемпионатында Аустралия құрамасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. тілшісі. Куяба қаласындағы "Арена Пантанал" стадионында өткен бұл кездесу 3:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 14-минутында чилиліктер Алексис Санчес пен Хорхе Вальдивия белсенділігі арқасында екі доп соғып үлгерген болатын. Алайда, үзіліске таяу тұста Тим Кэхилл есепті бір голға дейін қысқартты. Екінші таймда қос құрама да гол соғуға тамаша мүмкіндікке ие болған еді, бірақ оларды әр жолы шабуылды аяқтауда дәлдіктің жетіспеуі жерге қаратып жатты. Десе де, қосымша уақытта Чили құрамасы Жан Босежурдің ықпалымен үшінші допты соғып, матчтқа нүкте қойды. 

Ендігі кездесуін Чили құрамасы 19 маусым күні Испания аяқдопшыларына қарсы өткізсе, 18 маусым күні бұл топтағы екінші жұп, Нидерланды және Аустралия жолығатын болады. 

Айта кетейік, Бұл жеңістен кейін Чили құрамасына "В" тобында екінші орынға шықты. Олардың еншісінде үш ұпай бар. Ал өз кезегінде Испанияны 1:5 есебімен тас-талқан етіп жеңген Нидерланды құрамасы көш бастап тұр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети