Ауыратлет Илья Ильин дисквалификациядан кейін бірінші рет жарысқа шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ауыратлет Илья Ильин дисквалификациядан кейін бірінші рет жарысқа шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Осы минуттарда 30 жастағы Ильин Талдықорған қаласында Қазақстан біріншілігіне қатысып жатыр. Ол 102 келіге дейінгі салмақта бірінші мүмкіндігінде 165 келіні жұлқа көтерді.
Бұл Қазақстан чемпионаты Ильин үшін 2015 жылы желтоқсанда өткен жарыстан кейінгі бірінші додасы. Ол кезде ауыратлет Грозный қаласында РФ президентінің кубогын жеңіп алып, екі рет әлем рекордын орнатқан еді.
Еске салайық, Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олипиада жүлделерінен допингке байланысты айырылып, IWF тәртіптік комиссиясының шешімімен екі жылға спорттан шеттелген еді. Тыйым 2016 жылдың 10 маусымынан бастап есептелді.
Ал Қазақстан құрамасы IWF қамқорлығымен өткізілетін жарыстардан бір жылға шеттетілген. Шеттету мерзімі 2018 жылы 19 қазанда аяқталады.