Дамир Исмағұлов шешеннің атақты файтерін жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамир Исмағұлов шешеннің атақты файтерін жекпе-жекке шақырды © instagram

UFC-де өнер көрсететін ресейлік Дамир Исмағұлов шешенстандық Зубайра Тухуговты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

UFC-де өнер көрсететін ресейлік Дамир Исмағұлов шешенстандық Зубайра Тухуговты жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Зубайра, саған Әбу-Дабидегі турнирге әлі қарсылас таппады деп естідім, ал сен Рикардо Ламасты жекпе-жекке шақырыпсың. Бірақ оның жағы сынған, сенімен шыға қоймас. Менің де Әбу-Дабидегі турнирде өнер көрсеткім келеді. Артық ештеңе керек емес, трештоктың да қажеті жоқ, ондай UFC-де өте көп, спорттық қызығушылық қана. Сен үзілістен соң оралып жатсың, ал мен 66 келіге көтерілуге дайынмын. Мен сені және спорттағы жетістіктеріңді құрметтеймін, әлемге екі аралас жекпе-жек шеберінің текетіресін, қарсыластар бір-бірін қалай құрметтеуі керек екенін көрсетейік. Бұл бәріне қызық болады деп ойлаймын", - деп жазды Исмағұлов. 


© instagram/ismagulov_damir

Дамир Исмағұловтың ұлты - қазақ, Орынборда дүниеге келген. Жасы 28-де. Кәсіби жекпе-жектерде 20 жеңіс пен 3 жеңілісі бар. 2018 жылы 1 желтоқсанда UFC-де дебютін өткізіп, аустралиялық Алекс Горджесті жеңген болатын. UFC-дегі екінші жекпе-жегін 2019 жылы 23 ақпанда испаниялық Хоэль Альвареске қарсы өткізген.  Бұл кездесуде ол төрешілер шешімімен жеңген. 

Ал Зубайра Тухуговтың еншісінде ММА-де 18 жеңіс (ішінде қазақстандық Қуат Хамитовты жеңгені бар) пен 4 жеңіліс бар. Соңғы рет 2016 жылы мамырда жекпе-жек өткізген. Кейін допинг-сынағы оң нәтиже көрсеткен соң спорттан шеттетілген. 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов Конор Макгрегорды жеңген соң октагонға секіріп шығып, ирландиялыққа соққы жасаған. Сол үшін бір жылға спорттан шеттетіліп, 25 мың доллар айыппұл арқалаған болатын. 

UFC-дің Әбу-Дабидегі турнирі 7 қыркүйекте өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде Хабиб Нурмагомедов пен Дастин Порье күш сынасады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети