Дамир Исмағұловтың UFC-дегі жеңісінен кейінгі табысы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі жеңісінен кейінгі табысы айтылды Фото: Instagram.com/ismagulov_damir

Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 27 турниріндегі жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін ресейлік этникалық қазақ Дамир Исмағұловтың гонорары қанша болғаны анықталды. The Sports Daily басылымының мәліметінше, спортшыға 44 500 доллар төленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 27 турниріндегі жекпе-жекте жеңіске жеткеннен кейін ресейлік этникалық қазақ Дамир Исмағұловтың гонорары қанша болғаны анықталды. The Sports Daily басылымының мәліметінше, спортшыға 44 500 доллар төленген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дамир Исмағұлов әлемдік промоушендегі төртінші жекпе-жегіне шыққаны үшін 20 мың доллар алған, деп жазады басылым. Ол Бразилия өкілі Рафаэль Альвесті жеңгені үшін де дәл осындай сома берілген. UFC-ден ынталандыру төлемі ретінде тағы 4,5 мың алған.

Лигадағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, аустралиялық Джошуа Кулибаодан жеңіліп қалған этникалық қазақ, Қытай атынан шығатын Сайран Нұрданбек 14 мың доллар тапты.

Басылым мәліметінше, ең үлкен гонорарды UFC-де ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық Бен Ротуэлл алған. Оған 286 мың доллар төленді - жекпе-жек үшін 135 мың доллар, жеңіске жеткені үшін бонус ретінде тағы 135 мың және апта жекпе-жегі ретінде 16 мың доллар көлемінде ынталандару төлемі берілген.

Басылым мақаладағы бүкіл сан ресми ақпарат емес екенін, тек шамамен алынған сома екенін мәлім етті.

Еске салайық, жеңіл салмақтағы спортшылар Исмағұлов пен Альвестің кездесуі 29:28 есебімен ресейлік файтердің жеңісімен аяқталған. Жекпе-жектің басында Альвес Исмағұловты нокдаунға түсірген. Бірақ Дамир бұл шабуылға төтеп беріп қана қоймай, бірінші раундта басым болды. Екінші раундта Исмағұловтың өзі бразилиялықты нокдаунға түсірді. Үшінші бес минутта Альвес көбірек шабуылдауға тырысқан, бірақ бұл оған көмектеспеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети