Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамир Исмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды Фото: instagram.com/ismagulov_damir, instagram.com/nasrat_mma

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов (23-1) ақпанның ортасында бесінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов (23-1) ақпанның ортасында бесінші жекпе-жегін өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Дамирдің келесі қарсыласы Ауғанстан файтері Насрат Хакпараст болмақ. Олардың жекпе-жегі 19 ақпанда Лас-Вегаста өтеді.

Бастапқыда Хакпараст канадалық Джон МакДессимен жұдырықтасуы керек еді, бірақ өткен аптада 36 жастағы боксшыға ота жасалып, ол алдағы жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған.

МакДессидің орнына бұл жекпе-жекке UFC-де төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жеткен Исмағұлов қатысады. Қазанның аяғында Дамир лигадағы бесінші жекпе-жегін өткізуі керек еді, бірақ соңғы сәтте боксшы денсаулығына байланысты жекпе-жекке қатыса алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети