Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы келесі жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ресей тумасы, этникалық қазақ Дамир Ысмағұлов UFC ұйымындағы келесі жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бүгін мен UFC ұйымында 23 ақпанда Чехия астанасы Прагада өтетін екінші жекпе-жегімді өткізу туралы келісімге қол қойдым. Жекпе-жекті ұйымдастыруға атсалысып жүрген менеджеріме үлкен алғыс білдіремін. Қарсыластың есімі таяу уақытта белгілі болады. Дайындалуыма көмектесіп жатқан барлық адамдарға, әрине, өз командама алғыс білдіремін", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.
Оның бірінші жекпе-жегі Аустралияда өтті. Allfight.ru басылымының мәліметінше, Ысмақұлов осы кездесу үшін 23 500 доллар алған: 10 000 доллар өнер көрсеткені үшін, 10 000 - жеңіс үшін, 3 500 - Reebok демеушілігінен. Ал оның қарсыласы Горджес 13 500 доллар алған.