Дәстүрлі киіммен ту ұстап шыққан Ольга Рыпакова Twitter-де жапондарды тәнті етті

viewings icon 3534

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жеңілатлет Ольга Рыпакова Олимпиада ашылу салтанатында қазақтың ұлттық киімімен ту ұстап шығып, сұлулығымен жапон жұртын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Twitter-де жапон қолданушылары оның суретін жариялап, таң-тамаша болып жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети 0

Жеңілатлет Ольга Рыпакова Олимпиада ашылу салтанатында қазақтың ұлттық киімімен ту ұстап шығып, сұлулығымен жапон жұртын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Twitter-де жапон қолданушылары оның суретін жариялап, таң-тамаша болып жатыр.

Nikkansports.com сайтының мәліметінше, желіде Ольга Рыпаковаға "Ойындар ханшайымы" деген ат беріліпті. Оған шыққан образы мен сүйемелденген әуен себеп болған. (Токио Олимпиадасының ашылу рәсімінде Final Fantasy тректері мен жапонның басқа да компьютерлік ойындарындағы әуендер ойнаған).

"Меніңше, әзірше ол ең әдемі туұстар". 

"Аты-жөнін айтып жібере аласыздар ма? Сондай әсерлі".

"Ақ бетпердесі костюмге өзгеше сыр береді, ғажап сұлулық сыйлайды! Мұны ойластырған адам, - тамаша еңбек!"

"Мен бұл Зельда ханшайым екен деп ойладым" (The Legend of Zelda ойынындағы бас кейіпкерлердің бірі - ред.еск.)

"Қазақстанның туұстары ғажап. Диснейдің қай мультфильміненсіз?"

"Бұған дейін мұндай әдемі олимпиадалық костюм көрмеппін. Ханзада мен Ханшайым".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

Vesti.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасына костюмдер дайындауда және ұлттық ою-өрнектердің символикасы мен оларды қолдану дәстүрлері бойынша Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің сәндік-қолданбалы өнері жөніндегі ғылыми қызметкерлері кеңес берген.

"Бұл костюмдерге бірегей, заманауи және дәстүрлі деп бір сипаттама беруге болады. Бұл әккі шеберлер жасаған жоғары сән туындылары, мен оларға керемет жұмысы үшін алғыс айтамын", - деп келтіреді Рыпакованың сөзін olympic.kz.

Пошта маркасы, 2013 жыл

Ольга Рыпакова - ұзындыққа секіруден және үш қарғып секіруден азақстандық жеңілатлет. Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016). 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю