Дәулет Ниязбеков жұбаныш кездесуінде жеңді, енді "қола" үшін жекпе-жек өткізеді

Фото: Reuters

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасының жұбаныш жекпе-жегінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ниязбеков 65 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін тартысқа түскен. Жүлдеге таласу үшін ол сенегалдық Адама Диаттемен кездесіп, 10:0 есебімен басым түсті. 

Енді ол қола медальді үндістандық Баджранг Пуниямен сарапқа салады. 

Реклама
Реклама

Қазақстандық балуан кеше ширек финалда әлемнің үш дүркін чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері әзербайжандық Хаджи Алиевпен кездесіп, 1:9 есебімен жеңілген еді. Ал 1/8 финалда кубалық Энрике Вальдесті сенімді жеңген болатын.

32 жастағы тәжірибелі Дәулет Ниязбеков - Қызылорда облысының тумасы. Үш дүркін Азия чемпионы. Ал 2011 және 2019 жылдары әлем чемпионатында қола медаль еншілеген.   

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама