31 наурыз 2016 | 11:27

Денис Тен әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін 12-орында тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Денис Тен әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін 12-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ISU федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Денис Тен әлем чемпионатында қысқа бағдарламадан кейін 12-орында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ISU федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы жарақаттарына байланысты екі секіруді орындай алмады. Осылайша ол 78,55 ұпаймен 12-ші орынға жайғасты. Әзірше жапониялық спортшы Юдзуру Ханю 110,56 ұпаймен көш бастап келеді. Одан кейінгі орындарда испаниялық Хавьер Фернандес (98,52) пен канадалық Патрик Чан (94,84) тұр.

Айта кетейік, чемпионаттың еркін бағдарламасы 1 сәуірде өтеді.

"Бұл соңғы жылдардағы оның қысқа бағдарламада ең сәтсіз өнер көрсетуі болды", - деп пікір білдірді әйгілі бапкер Татьяна Тарасова Денис Теннің өнерін бағалай отырып.

Чемпионатқа Қазақстаннан жас мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да қатысып жатыр. Ол қысқа бағдарлама бойынша 31 наурызда өнер көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети