Денис Тен. ©Нұрғиса Елеубеков
Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. "Өкінішке қарай, әлем чемпионатына қатыса алмайтындығымды хабарлауға тура келіп тұр. Мен үшін жанкүйер болып барғысы келген қолдаушыларымнан кешірім сұраймын. Қиындықтардың бәрі шешілген соң, жаңа күшпен қайта ораламын", - дейді Денис Тен өзінің Twitter желісіндегі парақшасында. Денис Тен Халықаралық конькмен жүгірушілер одағының (ISU) сайтындағы қатысушылардың тізімінде жоқ. Сондықтан да 24-30 наурыз аралығында Жапонияның Саитама қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан намысын Абзал Рақымғалиев қорғайтын болады. Айта кетейік, Денис Тен Сочи Олимпиадасында Қазақстан құрамасы үшін жалғыз қола медаль жеңіп алған. Қысқы ойындар барысында Теннен Жапония және Канада спортшылары озып кетті. Олимпиада ойындарындағы жүлдесі үшін спортшы 75 мың доллар сыйақы алды. Сондай-ақ оған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов көлік сыйлаған болатын.
Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, әлем чемпионатына қатыса алмайтындығымды хабарлауға тура келіп тұр. Мен үшін жанкүйер болып барғысы келген қолдаушыларымнан кешірім сұраймын. Қиындықтардың бәрі шешілген соң, жаңа күшпен қайта ораламын", - дейді Денис Тен өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.
Денис Тен Халықаралық конькмен жүгірушілер одағының (ISU) сайтындағы қатысушылардың тізімінде жоқ. Сондықтан да 24-30 наурыз аралығында Жапонияның Саитама қаласында өтетін мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Қазақстан намысын Абзал Рақымғалиев қорғайтын болады.
Айта кетейік, Денис Тен Сочи Олимпиадасында Қазақстан құрамасы үшін жалғыз қола медаль жеңіп алған. Қысқы ойындар барысында Теннен Жапония және Канада спортшылары озып кетті. Олимпиада ойындарындағы жүлдесі үшін спортшы 75 мың доллар сыйақы алды. Сондай-ақ оған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов көлік сыйлаған болатын.