15 ақпан 2014 09:26

Денис Тен өз наградасын қазақстандықтарға тарту етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочидегi қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола медальді жеңiп алды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қысқа бағдарламада 84,06 ұпаймен тоғызыншы орынға ие болған Денис, еркiн бағдарламада 171,04 ұпай жинап, жалпы есепте 255,10 ұпаймен үшiншi орынға ие болды. Бiрiншi орын жапондық спортшы Юдзуру Ханюға (280,09) бұйырса, күмiс жүлде канадалық Патрик Чанның (275,69) еншiсiнде кеттi. 20 жастағы Д.Тен 2013 жылғы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 7-ші қысқы Азия ойындарының чемпионы, ISU қамқоршылығымен өткен әртүрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстанның үш мәрте чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Астана» кәсіби Президенттік Клубының мүшесі. Сочидегі Олимпиадалық ойындарда ерлер арасында жекелей сырғанауда қола медальді жеңіп алған Қазақстаннан мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен наградасын өз еліне арнайтынын да қуана жеткізді. " Бұл Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан ғана бірінші медалі емес, бұл біздің еліміздің Сочидегі Олимпиададағы алғашқы медалі. Мен бұл награданы бүкіл қазақстандықтарға тарту етемін" деп мәлімдеді Тен баспасөз мәслихатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети