Денис Тен өзінің жаңа қызығушылығы жайында айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен өзінің жаңа қызығушылығы жайында айтып берді © Instagram

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзінің жаңа қызығушылығы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өзінің жаңа қызығушылығы жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының айтуынша, ол бұрыннан бері суретке түсірумен айналысады. Ол өз жұмыстарын жариялау үшін Instagram желісінде жеке аккаунт ашып қойыпты. Оның сөзіне  қарағанда, ол мұнымен "өзінің ми сауытындағы дүниесімен бөлісу" үшін айналысады.

"Суретті және өнердің өзге түрлерін жақсы көрем. Балалық шақта суретшінің қолынан шыққан әрбір дүниеде оның ашқысы келетін түпсіз тереңдік, үлкен тарих жатқандай болатын. Бұл менің философиямен айналысуыма шабыт берді, тіпті мұнда да тығыз байланыс бар. Бірақ бұл жерде - философияда, өнерде және өзгелерінде тек ойдың бар екенін кенеттен түсініп, мен "ойға" келе бастадым, өнердегі форма мен бояу бізге форма мен бояу туралы ғана айтады - басқа ештеңе айтпайды. Алайда бұл пікір де қате болуы мүмкін", - деп жазды Тен.

Теннің айтуынша, ол @d10world аккаунты арқылы "өзінің ми сауытындағы дүниелерімен" бөліскісі келеді.

D10World аккаунтында тұңғыш сурет бір апта бұрын жарияланды. Бірнеше күннің ішінде парақшаға 427 адам жазылды. Жарияланған жұмыстардың арасында волейболшы Сабина Алтынбекованың және бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің суреті бар.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети