Денис Тен Шанхайдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен Шанхайдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері болды Денис Тен. ©Dailyherald.com

Денис Тен Шанхайдағы әлем чемпионатында 3-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен Шанхайдағы әлем чемпионатында 3-орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы еркін бағдарламада 181,83 балл алды. Оның қорытынды есебі - 267,72 балл. Осылайша, Денис Тен қысқа бағдарламада қола медальға, еркін бағдарламада алтын медальға ие болды. Жалпы есепте отандасымыз қола медальді қанжығасына байлады.

Ал испан мәнерлеп сырғанаушысы Хавьер Фернандес (273.90 балл) алтын медальға ие болды. Екінші орында - жапон Юдзуру Ханю (271.08).

Әлем біріншілігі Шанхайда 23 наурызда басталды. Әлем чемпионатының қысқа бағдарлама бойынша қорытындысында Денис Тен үшінші орыннан көрінген болатын. Қазақстанның мәнерлеп сырғанаушысы 85,89 балл алды. Бұл көрсеткіш спортшыны бірінші орынға шығарды, бірақ алда әлі төрт атлеттің өнері бар еді. Нәтижесінде испан Хавьер Фернандес (92,74 балл) пен жапон Юдзуру Ханю Денис Теннің алдын орады. Айта кетейік, соңғысы қысқа бағдарлама бойынша бірінші орын алды.

Еске сала кетейік, Денис Тен 2015 жылы Сеулдегі "Төрт құрлық турнирін" жеңіп шыққан еді. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қысқа бағдарлама бойынша 97,61 баллмен жеңген еді. Бұдан кейін ол еркін бағдарлама бойынша да үздік нәтиже көрсетті. Денис Тен екі күннің қорытындысы бойынша спорт маусымының үздік нәтижесіне қол жеткізді - 289,46 (97,61 + 100,45 + 91,40). Екінші орынды АҚШ спортшысы Джошуа Фаррис алды. Ол қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында ғана еді - 260,01, үштікті болса Қытай азаматы Янь Хань қорытындылады. Соңғы спортшы да бірінші бағдарламада алдыңғы орындардан көріне алмаған болатын - 259,47. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети