07 шілде 2020 12:29

Деревянченконың "Канеломен" жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

DAZN© DAZN©

Екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) WBA (Super) және WBC (Franchise) чемпионы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) командасы қыркүйекте өтетін кездесуде украиналық боксшы Сергей Деревянченкоға (13-2, 10 КО) қанша сыйақы ұсынғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz Fightnews.info порталына сілтеме жасап.

Сондерстің айтуынша, Деревянченко бұл кездесуде орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) өткізген кездесуге қарағанда екі есе аз сыйақы алады екен. 2019 жылы қазан айында өткен бұл кездесуде украиналық боксшы 5,2 миллион доллар алған болатын. 

Сондерстің өзі Альвареспен мамыр айында кездесуі керек еді. Бірақ оған коронавирус пандемиясы кедергі болды. Ал ұлыбританиялық боксшы Альвареспен қыркүйек айында шығудан бас тартты. Себебі ол кездесуге дайындалып үлгермейді екен. 

Қыркүйек айына жоспарланған кездесуге Альварестің командасы Деревянченкоға 2,6 миллион доллар ұсыныпты. 

"Менің ойымша Boy Promotions басшылары мен "Канело" адамдарға шынайы сыйақыны айтып отырған жоқ. Деревянченкоға Головкинмен өткізген кездесуге қарағанда екі есе аз ақша ұсынып отыр. Сондықтан да мен оны Альвареске қарсы шығады дегенге күмәнмен қараймын. Бірақ нақты айта алмаймын. 

Каллум Смит өзіне лайықты ақша алып, "Канеломен" кездеседі деп сенемін. Дегенмен менің сөзімді есте сақтаңыздар. Смит Альвареспен жақын арада жекпе-жек өткізбейді. Өйткені оған лайық гонарар ұсынып отырған жоқ. Мен оны Альварестен кездесуден қашып отыр деп айыптамаймын. Себебі сен өмір бойы жаттыққаннан кейі лайық сыйақы алғың келеді" - деп келтіреді Смиттің сөзін BoxingNews24.com порталы. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети