Дмитрий Баландин Словениядағы турнирде төртінші алтынды ұтып алды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Баландин Словениядағы турнирде төртінші алтынды ұтып алды Дмитрий Баландин. Фото:olympic.kz

Қазақстандық олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Словенияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші күні екі алтын ұтып алды, - деп хабарлайды Olympic.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Словенияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің екінші күні екі алтын ұтып алды, - деп хабарлайды Olympic.kz

Бұл жолы Баландин 100 метрлік брасс әдісімен жүзіп, бірінші орынға ие болды. Әйелдер арасында бұл бағдарламада Аделаида Пчелинцева 2-орын алды. Ал Диана Назарова арқамен жүзу бойынша 50 метрлік қашықтықта бірінші болды. Анастасия Резванцева арқамен жүзу бойынша 200 метрде алтын медальды ұтып алды.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй жүзу әдісінде ақтық мәреде жеңіске жетті. Біріктірілген ерлер  эстафетасында "4 жүзуші 100 метрден" (Дмитрий Баландин, Александр Варакин, Әділбек Мусин, Әділ Қасқабай) төрттігі жеңіске жетті. Ал әйелдер дәл осы бағдарлама бойынша (Анастасия Резванцева, Аделаида Пчелинцева, Диана Назарова, Алина Костенко) қола медальға ие болды.

Осыған дейін Баландин брасс әдісі бойынша 50 және 200 метр қашықтықтарында үздік атанған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети