Дмитрий Баландин Испаниядағы жарыста екінші алтын медаль жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Баландин Испаниядағы жарыста екінші алтын медаль жеңіп алды © olympic.kz

Суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Испанияның Малага қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде екінші алтынын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Испанияның Малага қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде екінші алтынын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшы кеше 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шығып, рекорд жаңартқан еді. Бүгін 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Аталған қашықтықты Дмитрий 0:27.80 секундта жүзіп өтті. Ал Айбек Қамзенов 0:28.56 секунд көрсеткішімен үшінші орын алды.

100 метрге еркін әдіспен жүзуде Әділ Қасқабай күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ кеше Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанған болатын.

Малагадағы жарыс 11 сәуірде аяқталады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети