Сурет businessweek.com сайтынан
Сочи Олимпиадасында сынға түскен фристайлшы Дмитрий Рейхерд могулде 5-орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Спортшыларымыз жүлдеге ақырын жылжып келе жатқандай. Әуелі әйелдер арасындағы фристайлдың могул жаттығуында Юлия Галышева 7-орынға ие болды. Одан соң конькимен жүгіру спортындағы аузымен құс тістеген жүйрігіміз Роман Креч ерлер арасындағы 500 метрлік қысқа бәйгеде осы жетістікті қайталап, 7-орынды еншіледі. Енді, міне, Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы фристайлдың могул жаттығуында 5-орынды иеленіп отыр. Яғни жүлдеге екі қадам ғана қалды... Дмитрий тамаша өнер көрсетті. Бірінші електік сында 7-орынға ие болып, бірден ақтық сынға жолдама алды. Ал Павел Колмаков 11-орынға тұрақтап, ақтық сынға бірден ілігуге бір қадам жетпей, қынжылтты. Дмитрий Бармашов болса, бірінші електе-ақ сүрінді... Колмаков екінші електік сында 4-орынға ие болып, ақтық сында бақ сынайтындар қатарына қосылды. Ақтық сынның бірінші сүзгісінде Рейхерд 5-орынды, ал Колмаков 11-орынды иеленіп, екеуі де финалдың келесі сатысына шықты (барлығы 12 спортшы). Рейхерд екінші финалдық сында да 5-орыннан көрінсе, Колмаков бір саты жоғарылып, 10-орынға орналасқанымен, соңғы ақтық сынға іліге алмады. Соңғы ақтық сында алты үздік спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды. Рейхердттың өнерін төрешілер мұнда 5-орынға ғана лайық деп шешті. Қойған (немесе қиған) бағалары бойынша – солай. Сөйтіп, могулда Рейхерд 5-орынға, ал Колмаков 10-орынға ие болды да, Бармашов 26-орынға табан тіреді. Бірінші орын Канада қыраны Александр Билодоға, ал күміс жүлде оның отандасы Микаэль Кингсбериге бұйырды. Қола жүлде өз елінде өнер көрсеткен Ресей спортшысы Александр Смышляевқа тиді.
Сочи Олимпиадасында сынға түскен фристайлшы Дмитрий Рейхерд могулде 5-орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Спортшыларымыз жүлдеге ақырын жылжып келе жатқандай. Әуелі әйелдер арасындағы фристайлдың могул жаттығуында Юлия Галышева 7-орынға ие болды. Одан соң конькимен жүгіру спортындағы аузымен құс тістеген жүйрігіміз Роман Креч ерлер арасындағы 500 метрлік қысқа бәйгеде осы жетістікті қайталап, 7-орынды еншіледі.
Енді, міне, Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы фристайлдың могул жаттығуында 5-орынды иеленіп отыр. Яғни жүлдеге екі қадам ғана қалды...
Дмитрий тамаша өнер көрсетті. Бірінші електік сында 7-орынға ие болып, бірден ақтық сынға жолдама алды. Ал Павел Колмаков 11-орынға тұрақтап, ақтық сынға бірден ілігуге бір қадам жетпей, қынжылтты. Дмитрий Бармашов болса, бірінші електе-ақ сүрінді...
Колмаков екінші електік сында 4-орынға ие болып, ақтық сында бақ сынайтындар қатарына қосылды. Ақтық сынның бірінші сүзгісінде Рейхерд 5-орынды, ал Колмаков 11-орынды иеленіп, екеуі де финалдың келесі сатысына шықты (барлығы 12 спортшы).
Рейхерд екінші финалдық сында да 5-орыннан көрінсе, Колмаков бір саты жоғарылып, 10-орынға орналасқанымен, соңғы ақтық сынға іліге алмады.
Соңғы ақтық сында алты үздік спортшы жүлделі орындарды сарапқа салды. Рейхердттың өнерін төрешілер мұнда 5-орынға ғана лайық деп шешті. Қойған (немесе қиған) бағалары бойынша – солай.
Сөйтіп, могулда Рейхерд 5-орынға, ал Колмаков 10-орынға ие болды да, Бармашов 26-орынға табан тіреді. Бірінші орын Канада қыраны Александр Билодоға, ал күміс жүлде оның отандасы Микаэль Кингсбериге бұйырды. Қола жүлде өз елінде өнер көрсеткен Ресей спортшысы Александр Смышляевқа тиді.