Допингпен ұсталған спортшылардың жазасы күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Допингпен ұсталған спортшылардың жазасы күшейтіледі Сурет: megapolis.kz

2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап допинг пайдаланған зілтеміршінің жазасы күшейтіледі. Бұл туралы Алматыда өткен "Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттінің" жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап допинг пайдаланған зілтеміршінің жазасы күшейтіледі. Бұл туралы Алматыда өткен "Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттінің" жиынында белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Келесі жылдан бастап рұқсат етілмеген дәрі ішкен спортшы бұрынғыдай спорттан екі жылға емес, төрт жылға шеттетілетін болады. Сондай-ақ жиын барысында допинг пайдаланғаны үшін жазаға тек спортшылар ғана емес, оның бапкері және дәрігерлері де тартылатыны белгілі болады.

Еске салайық, рұқсат етілмеген дәрі қолданды деген айыппен Ғалымбек Жұбатқанов, Александр Зайчиков, Ерболат Жоламанов, Евгений Евьстафеа, Денис Ұланов, Екатерина Стальяренко, Әсем Сәрсенбаева, Максим Лактинов, Фархад Харки, Айдар Қазов, Марина Файзуллаева, Александра Аборнева сынды 12 зілтеміршіміз спорттан 2 жылға шеттетілген болатын.

Одан бөлек өткен аптада Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) допингке қарсы тұру агенттігі тағы бір қазақстандық зілтемірші Аят Әмірбековтың қанынан станозолол препаратын тауып, оны 2015 жылдың сәуір айына дейін спорттан шеттеткен еді.

Спортшылары допингпен ең көп ұсталған көрсеткіш бойынша біз екінші орындамыз. Тізімде 18 ауыр атлеті рұқсат етілмеген дәрі пайдаланған Әзірбайжан құрамасы бірінші орында болса, 7 спортшылары допингпен ұсталған Армения мен Өзбекстан құрамалары үшінші орында.

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети