29 қаңтар 2014 12:56

Достастық кубогы: Қазақстан жастар құрамасы ширек финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан - Латвия. Сурет com-cup.com сайтынан Қазақстан - Латвия. Сурет com-cup.com сайтынан

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алды. "С" тобында төрт ұпай жинаған жерлестеріміз енді ширек финалда Ресей құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды аталмыш турнирдің ресми сайтына сүйенген Tengrinews.kz. Саулюс Ширмялис баптайтын Қазақстан жастар құрамасы Достастық кубогын өте сәтсіз бастап, белоруссиялық құрдастарынан 1:4 есебімен ойсырай жеңіліп қалды. Бірінші таймда белорусстар қақпамызға жауапсыз төрт гол соғып, мәселені үзіліске дейін-ақ шешіп тастады. Тек екінші таймда еңселерін тіктеген жерлестеріміз команда капитаны Бауыржан Исламхан соққан голдың арқасында таблодағы көрсеткішті сәл де болса қысқартты. Келесі кездесуін Қазақстан жастар құрамасы Мәскеу командасына қарсы өткізді. Бірінші ойындағы ірі жеңіліс сабақ болса керек, жерлестеріміз бірден ойын тізгінін өз қолдарына алып, 11-минутта Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашса, 61-минутта Роман Муртазаев таблодағы көрсеткішті 2:0-ге жеткізді. Кеше жастарымыз топ көшбасшысы Латвия құрамасымен кездесті. Ширмялис шәкірттері 90 минут бойы шабуылдағанымен, өкінішке қарай, қарсылас қақпасының кілтін таба алмады. Рас, ойын соңына таман латыштарды тықсырып, гол соққанбыз. Бірақ мұның алдында ойын ережесі бұзылды деген желеумен бас төреші голымызды санамай тастады. Сөйтіп, төрт ұпайды еншілеген Қазақстан жастар құрамасы өз тобынан үшінші болып плей-офф кезеңіне шықты. Енді бүгін Астана уақытымен сағат 21:00-де Ресей жастарымен шеберлік байқасады. Достастық кубогы Ширек финалдың жұптары: Украина — Литва Санкт-Петербург — Беларусь Латвия — Эстония Ресей — Қазақстан

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети