Дзюдодан әлем чемпионатында Елдос Жұмақанов тунистік қарсыласын 11 секундта жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дзюдодан әлем чемпионатында Елдос Жұмақанов тунистік қарсыласын 11 секундта жеңді © Сonfederation.kz

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Жұмақанов тунистік қарсыласын 11 секундта жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Жұмақанов тунистік қарсыласын 11 секундта жеңді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақта екі спортшымыз жарыс жолына шықты. Ұлттық құрама капитаны Азамат Мұқанов француз Корвалға қарсы белдесуде ереже бұзып, жарыстан шығып қалды. Ал Елдос Жұмақанов бірінші белдесуінде кипрлік Крассиас Андреасты иппонмен жеңсе, екінші айналымда тунистік Хоусем Халфауиді да 11 секундта иппонмен тізе бүктірді. Енді үшінші айналымда ұлыбританиялық Котес Колинмен белдеседі.

Әйелдер арасында бүгін 52 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталады. Қазақстандық Олеся Куценко бірінші айналымда тунистік Аяра Хелаға есе жіберсе, Лунара Мингазова үшінші кезеңге аяқ басты. Отандасымыз үшінші айналымда бразилиялық Эрика Мирандамен кездеседі. Кездесулер кестесімен мына жерден таныса аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети