Дзюдошы жастарымыз Нева жағалауынан төрт жүлде олжалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дзюдошы жастарымыз Нева жағалауынан төрт жүлде олжалады Суретте – Жақсыбек Жеңісбек пен Асылжан Сейдуәлі. Фото: eju.net

Санкт-Петербугте (Ресей) дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ашық Еуропа кубогы өтіп, Қазақстан балуандары төрт жүлде олжалап қайтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санкт-Петербугте (Ресей) дзюдодан жасөспірімдер арасындағы ашық Еуропа кубогы өтіп, Қазақстан балуандары төрт жүлде олжалап қайтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Нева жағалауындағы ашық Еуропа кубогына 21 жасқа дейінгі татами шеберлері қатысты. Жасөспірімдер дегеннен гөрі жастар арасындағы ашық кубок деуге келіңкірейтін дәстүрлі турнирде 18 мемлекеттің жас таланттары бақ сынады.

Бірінші күні (сенбіде) жеңілдеу салмақтағы қыз-жігіттер күресті. Жігіттер 73, ал қыздар 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Дәл осы күні біздің жігіттеріміз көңілге қонымды нәтиже көрсетіп, төрт жүлде (1 алтын, 3 қола) еншіледі.

55 келі салмақ дәрежесінде бізге екі жүлде бұйырды. Жақсыбек Жеңісбек финалда ресейлік Магомед Соломгериевтен басым түсті. Сөйтіп жартылай финалда Асылжан Сейдуәліні сан соқтырып кеткен Ресей балуанынан есе қайтардық. Ал Асылжан Сейдуәлі осы салмақта қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 60 келіде Мейірлан Баймағанбетов, 66 келіде Ерасыл Сәкенұлы үшінші орынға ие болып, екеуі де қола жүлде иеленді. Бір қызығы, қола жүлде үшін белдесуде Мейірлан Баймағанбетов өзіміздің басқа балуанмен, атап айтқанда, Нұрдәулет Оразбен күресіп, ұтып кетті.

Өкінішке қарай, екінші күнгі белдесулерде (жексенбі күні) ел қоржынына жүлде түскен жоқ. Жігіттер арасындағы 81 келіден, ал қыздар арасындағы 63 келіден жоғары салмақтарда балуандарымыздың бақтары жанбады.

Жалпы командалық есепте 12 жүлдемен (6 алтын, 3 күміс, 3 қола) Жапония жастары бірінші орынға ие болды. Екінші орынға Франция (4+1+7), ал үшінші орынға ең көп құраммен қатысқан Ресей (3+8+12) дзюдошылары ие болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети