Дзюдошылар тойы: Әлем чемпионатының күміс жүлдегері мен қыздар құрамасының мүшесі шаңырақ көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дзюдошылар тойы: Әлем чемпионатының күміс жүлдегері мен қыздар құрамасының мүшесі шаңырақ көтерді

Дзододан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Рустам Ибраев пен қыздар құрамасының мүшесі, ҚР спорт шебері Анар Сейтімова шаңырақ көтерді - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақ елінің мақтанышы, еліміздің ерлер құрамасының белді мүшесі, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Рустам Ибраев пен қыздар құрамасының мүшесі, ҚР спорт шебері Анар Сейтімова отау тікті. Дзюдо федерациясының ұжымы мен барлық спортшылар атынан жас шаңырақты үйлену тойларымен құттықтаймыз. Бақытты болыңдар!", - деп жазды федерацияның баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, Рустам Ибраев Астанада өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленген болатын. Ақтық сында ол Елдос Сметовке қарсы өнер көрсетті. Бұл оның ересектер арасында әлем чемпионатына алғаш рет қатысуы болған. Сонымен қатар, Рустам өз мансабында алғаш рет үлкен жеңіске қол жеткізді. Енді бапкерлер Дубайда 30 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін Grand Slam турнирінде оған үлкен үміт артып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети