Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бірінші кезеңнен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дзюдодан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы бірінші кезеңнен өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Құрамында Ғабит Есімбетов (66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде), Дастан Ықыбаев (73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде), Әзиз Қалмақанұлы (81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде), Самат Есенов (90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) және Ержан Шынкеев (90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде) бар Қазақстан құрамасы Аустралияны 5:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, командалық турнир дзюдодан әлем чемпионатының бағдарламасын аяқтайды. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.