Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Рүстам Ибраев пен Елдос Сметов финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Рүстам Ибраев пен Елдос Сметов финалға шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалда Ибраев моңғол Болдбаатар Ганбатқа қарсы шығып, жеңіске жетті. Финалдың екінші жолдамасы қазақстандық Сметовке бұйырды. Ол жартылай финалда жапониялық Тори Шишимемен белдесті. Бұл шайқаста да жеңіс қазақстандық дзюдошыға бұйырды.
Астанада өтіп жатқан чемпионаттың алғашқы күнінде қазақстандық екі спортшы алтынға таласады. Жекпе-жекті KazSport телернасы тікелей таратады.
Еске сала кетейік, дзюдодан әлем чемпионаты Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатысушыларды іріктейтін кезеңдердің бірі. Турнир 30 тамызға дейін жалғасады. Шара барысында әйелдер мен ерлер арасында сегіз салмақ дәрежесі бойынша сайыс өтеді.