Дзюдодан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей сын бәсекелері аяқталды. Төрт күн бойы әлемнің 61 елінен келген 500-ге жуық спортшы жүлдеге таласқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен төртінші орын иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жекелей сын бәсекелері аяқталды. Төрт күн бойы әлемнің 61 елінен келген 500-ге жуық спортшы жүлдеге таласқан болатын. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медальмен төртінші орын иеленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жарыстың алғашқы күнінде 50 келідегі Нұрқанат Серікбаев чемпион атанса, 70 келіден жоғары салмақта белдесетін Мадина Парагульгова күміске қол жеткізді.

Әлима Жұмағалиева (40 келі), Әділ Марлен (60 келі), Тілеген Тынарбай (66 келі) және Айдар Арапов (81) еншісінде қола медаль бар.

Жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Ғайнулла Есенғалиевтің айтуынша, спортшылар ел намысын абыроймен қорғап шыққан.

"Әлем чемпионаты қарсаңында бір алтын, бір қола медаль аламыз деп жоспарлаған едік. Бірақ "арық айтып, семіз шығыппыз", спортшыларымыз жалпы есебі алты жүлде жеңіп алды. Татамиге шыққан дзюдошылардың басым бөлігі 2003-2004 жылы туғандар. Олар үшін бұл ең үлкен додалардың бірі. Спортшылардың нәтижесі көңілден шығады, олар өз еліміздегі турнирді абыроймен атқарды", - дейді бапкер.

29 қыркүйек күні командалық жарыс өтеді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro