11 сәуірде дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
11 сәуірде дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аэлита Щербакова өмірден өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Дзюдо федерациясының мәліметі бойынша, 2019 жылы 3 сәуірде Щербаковаға "идиопатиялық аплазиялық анемия" диагнозы қойылып, дзюдошы бірден ем алуға кіріскен. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Енді спортшының жерлеу рәсімі 13 сәуірде өтеді.
Аплазиялық анемия деп сырқат адамның сүйек миы қан жасушаларының негізгі түрлері - эритроцит, лейкоцит және тромбоцитті қажетті мөлшерде тарата алмайтын ауруды айтады.
Айта кетейік, Аэлита Щербакова 1995 жылы 5 ақпанда Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2017 жылы Ташкентте өткен әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанған, ал былтыр Ақтауда Азия кубогының күміс жүлдесін иеленді.