Эбола дертіне шалдыққан спортшылар Олимпиадаға қатыса алмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эбола дертіне шалдыққан спортшылар Олимпиадаға қатыса алмайды ©Алаш айнасының иллюстрация

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Эбола дертіне шалдыққан Батыс Африка елдерінің спортшыларын жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарынан шеттетеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Эбола дертіне шалдыққан Батыс Африка елдерінің спортшыларын жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарынан шеттетеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Қазірдің өзінде ХОК Олимпиада ойындарынан үш спортшыны шеттеткен. Бірақ, ол спортшылардың қандай спорт түрімен айналысатын және қай елден келгені белгісіз болып тұр. ХОК таратқан ақпарат бойынша, ол спортшылар жолдаманы күрес түрлерінен және жүзу спортынан жеңіп алған. 

Бұған дейін Сьерра-Леоне олимпиада комиететі өз спортшыларына Қытайға бармау туралы кеңес берген еді. Дегенмен, ХОК дәрегерлері бұл елдің спортшыларын тексеріп, Эболаның ешқандай белгісін таппады. Әзірге Нигерия құрамасы спортшыларының Олимпиадаға қатысу, қатыспауы белгісіз болып тұр. Өйткені, Нигерияда бұл дерт ушығып тұр. Сондықтан да ХОК бұл елге қатысты әлі шешім шығарған жоқ. Ал Батыс Африканың өзге елдері Олимпиадаға қатысады. Бірақ, жасөспірімдер арасындағы ойындарда ол елдің спортшылары мұқият бақылауда болады. 

Айта кетейік,  бүгінде жалпы Батыс Африкада Эбола ауруынан 1069 адам қайтыс болса, екі мыңға жуық адамның дертті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Геморрагиялық Эбола безгек ауруы - адам өміріне аса қауіпті, қан арқылы да, науқас адам қолданған заттар арқылы да басқа адамдарға жұғады.

Еске салайық, жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада 6-28 тамыз күндері Қытайдың Нанкин қаласында өтеді. ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі таратқан ақпарат бойынша, ІІ жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 51 спортшы және 20 бапкер барады.

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети