24 шілде 2021 15:43

Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК

Елдос Сметов Токио Олимпиадасында дзюдодан жартылай финалда қарсыласына қосымша уақытта есе жіберіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 


Елдос Сметов Токио Олимпиадасында дзюдодан жартылай финалда қарсыласына қосымша уақытта есе жіберіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

60 келі салмақта белдескен Елдос Сметов жартылай финалда үш дүркін әлем чемпионы, жапониялық Наохиса Такатомен кездескен болатын. 

Тартысты кездесу шамамен он минутқа созылды. Өйткені балуандар кездесудің негізгі уақытында жеңімпазды анықтай алған жоқ. 

"Golden Score" кезеңінде Елдос бар күшін салғанымен, қарсыласы "ваззари" ұпайын еншілеп, финалға өтті.

Осылайша, Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола медаліне таласады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети