Елена Исинбаева ана атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Исинбаева ана атанды Фото rusathletics.com сайтынан алынды

Олимпиада ойындарының екі дүркін  чемпионы, ресейлік жеңіл атлет Елена Исинбава ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Жалпыресейлік жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада ойындарының екі дүркін  чемпионы, ресейлік жеңіл атлет Елена Исинбава ана атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Жалпыресейлік жеңіл атлетика федерациясына сілтеме жасап.

"Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, көптеген әлемдік рекордтардың иегері Елена Исинбаева қыз баланы дүниеге алып келді. Нәресте бойы 53 сантиметр, салмағы 3,820 келі болып дүние есігін ашты. Қазір Лена мен сәбидің денсаулығы жақсы. Бақытты ата-ана дүниге келген қызының есімін шоқындырып болған соң жариялайды. Босанарына дейін Елена салауатты өмір салтын сақтаған: көп серуендеп, теңізге шомылды", - делінген хабарламада. 

Елена Исинбаева 1982 жылы 3 маусым күні Волгоградта дүниеге келген. Екі дүркін Олимпиада чемпионы (2004, 2008), сырықпен секіруден әйелдер арасында 28 әлемдік рекордтың иегері. 2005 жылдың 25 шілдесінде сырықпен секіруден әйелдер арасында тұңғыш рет 5 метр биіктікті бағындырған.  

 

 

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети