Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына өтті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елена Рыбакина дүниежүзінің 24-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады. Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 12-жеңісі. Енді ол турнирдің жартылай финалында Джессика Пегула (АҚШ) мен Анастасия Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенсті жеңген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети