Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тың Анхайме қаласында өтіп жатқан "Төрт құрлық жарысында" мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсетті. Ол күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-тың Анхайме қаласында өтіп жатқан "Төрт құрлық жарысында" мәнерлеп сырғанаудан өнер көрсетті. Ол күміс жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қысқа бағдарламада Тұрсынбаева 68.09 ұпаймен алтыншы орынға табан тіреді. Мәнерлеп сырғанаушының еркін бағдарламада бойынша өнерін төрешілер 139,37 ұпайға бағалады. Екі сайыстың нәтижесінде, ол 207.46 ұпай жинап, екінші орынға көтерілді.
Алтын медальды жапониялық Рика Кихира иеленді. Ол 221.99 ұпай жинаған. Оның командаласы Маи Михара 207.12 ұпаймен үшінші орынды иеленді.