Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өтетін Гран-при турниріне қатыса алмайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Элизабет Тұрсынбаева Қытайда өтетін Гран-при турниріне қатыса алмайтын болды

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 8-10 қараша аралығында Қытайда өтетін Гран-при турниріне қатыспайды. Бұл туралы Элизабеттің әкесі Байтақ Тұрсынбаев мәлімдеді, -деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК бапсасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Элизабет арқасын жарақаттап алғанына байланысты бірнеше турнирден сырт қалмақ. Байтақ Тұрсынбаевтың айтуынша, спортшы желтоқсан айында айдынға оралуы мүмкін.

"8 қараша күні Қытайда басталатын Cup of China турниріне Элизабет қатыса алмайды. Ол арқасының жарақатын емдеп жүр. Бұл күндері Мәскеудегі дәрігерлердің қадағалауымен емделіп жатырмыз. Тұрсынбаева Америкадағы Гран-при турниріне де бара алмады. Жарақатының толық жазылуын күтудеміз. Бұйырса, желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатында бақ сынайды деген жоспар бар. Одан бөлек, келесі жылы өтетін "Төрт құрлық чемпионатына" дайындалады. Наурызда ұйымдастырылатын әлем чемпионатына дейін Элизабет бабына енеді деп ойлаймын", - дейді спортшының әкесі Байтақ Тұрсынбаев.

Айта кетелік, Элизабет Тұрсынбаева жаңа маусымда Қытайда өткен халықаралық турнирге қатысып, күміс жүлдегер атанды. ISU мәліметінше, Қытайдағы Гран-при турнирінде Элизабеттің орнына Оңтүстік Корея спортшысы қатысады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети