Жақсылық Үшкемпіров атындағы "Jekpe-Jek" сарайында қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бұл дода – бір жылдық үзілістен кейін өткізіліп жатқан алғашқы ресми жарыс. Чемпионатта 2006-2007 жылы туған жас балуандар белдесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде еліміздің басты құндылықтарының бірі – қазақ күресін дамыту және өскелең ұрпақ арасында насихаттау бойынша кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтыр "Qazaq kuresi" Ассоциациясы құрылды. Үш федерация басын біріктірген жаңа ұйымның Президенті – Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы.
Қазіргі уақытта Ассоциация тарапынан өңірлік бөлімшелер мен қазақ күресі клубтарын құру, олардың жетекшілерін тағайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
"Арнайы құрылған жұмыс тобы алты өңірде болып, кездесулер барысында облыс әкімдері мен дене шынықтыру және спорт басқармалары басшылары бастаманы қолдады. Алдағы уақытта клуб командалары арасында "Qazaq kuresi" лигасын ұйымдастыру, Лозанна қаласында штаб-пәтер ашу сияқты ауқымды шаралар жоспарланған. Сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Qazaq kures" арнайы жобасының концепциясы жасалды",- делінген Ассоциация хабарламасында.
Сонымен қатар, қазақ күресі жаңа жоба ретінде мектеп бағдарламасына енгізілуі мүмкін. Басқа да тың жобалар қарастырылып жатыр. Оның ішінде төл өнерді жазғы Олимпиада, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны, Дүниежүзілік Универсиада және Азия ойыны сияқты кешенді спорттық шаралар бағдарламасына енгізу бойынша жұмыстар қолға алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!