Ережесіз жекпе-жекте тағы дау: Көрермендер бразилиялық файтерге қоқыс жаудырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Fight Nights Global 73 турниріндегі бразилиялық Диего Брандао мен ресейлік ресейлік Ахмед Алиевтің жекпе-жегі даумен аяқталды. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Fight Nights Global 73 турниріндегі бразилиялық Диего Брандао мен ресейлік ресейлік Ахмед Алиевтің жекпе-жегі даумен аяқталды. 

Алиев екінші раундта партерде қарсыласының үстінде жатып, Брандаоны баспен ұрған. Рефери ескерту жасау үшін дереу жекпе-жекті тоқтатқан, осы кезде ресейлік файтер қарсыласына бірнеше соққы жасап үлгерген. 

Брандао ашуға беріліп, Ахмедтің басынан тепкен, осыдан кейін бразилиялық жекпе-жектен бас тартып, октагоннан шығуды ойлады. Оңтүстікамерикалық қоршаудан шыққан бетте трибунадан шөлмек пен қоқыс жауған. 

Кейін ұйымдастырушылар Брандаоны октагонға кіруге көндіріп, ол кездесуден бас тартып, Алиевтің қолын көтерді. Осылайша бразилиялық техникалық жеңіліске ұшырады.

Еске салайық, ережесіз жекпе-жекте мұның алдында да осындай оқиға болған еді. 22 сәуірде Қазанда өткен "Бои по правилам TNA на кубок TATNEFT" чемпионатында Бішкек спортшысы Дастан Шаршеев 1/8 финалда ресейлік Антон Калининнен жеңілген еді. Алайда ол төрешілердің шешіміне қарсы шығып, рингтен кетпей қойды. Күзетшілер де спортшыны райынан қайтара алмай қойған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro