Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Ертіс" командасының тізгінін эстониялық маман ұстады

07 Наурыз 2014, 11:27
0
Тармо Рюютли. Сурет:   sports.kz
Тармо Рюютли. Сурет: sports.kz
Павлодарлық "Ертіс" футбол командасын алдағы маусымда Эстония құрамасының бұрынғы бапкері Тармо Рюютли жаттықтыратын болды. Бұл туралы эстониялық БАҚ өкілдері хабарлайды.

"Келісім-шарттың көбі шешіліп қойды. Енді тек билет және виза мәселесі қалды. Қазақстанға дәл қай күні баратынымды айта алмаймын. Өйткені, Эстонияда футбол маусымы басталып қойды. Ал, ол жақта наурыздың ортасында ғана бірінші тур ойындары өтеді. Қарап отырсаңыздар, осыдан он жыл бұрын эстониялық бапкерлерге ешкім мұқтаж емес еді. Енді жағдай өзгерді. Біздің бапкерлердің көбі шет елдерде жұмыс істеп жатыр. Демек, бұл біздің деңгейіміздің өскенінің көрсеткіші. Командамен мен әлі толық таныс емеспін. Бірақ, командамен бірден танысып, қызу жұмысқа кірісу керектігін жақсы түсінемін", - дейді Рюютли DELFI басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Тармо Рюютли 2008-2013 жылдар аралығында Эстония құрамасын жаттықтырған. Бұл бапкердің бастамасымен Эстония құрамасы ФИФА рейтингінде 47-ші орынға дейін көтерілген. Сондай-ақ, Еуро-2012 іріктеу додасының плей-офф кезеңіне шыққан. Оның соңғы жұмыс орны Таллин қаласының "Калев" командасында болған.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай