Есентаевты елітіп, ескекшілер ерледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есентаевты елітіп, ескекшілер ерледі Ортада - Тастанбек Есентаев. Фотоны түсірген - Никита Басов.

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Тастанбек Есентаев Инчхонда спортшыларымыздың бүгінгі ерен жетістіктеріне оң бағасын берді, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Тастанбек Есентаев Инчхонда спортшыларымыздың бүгінгі ерен жетістіктеріне оң бағасын берді, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядан "Алаш айнасының" арнаулы тілшісі.

Ескек есу спортынан 10 жүлде (оның алтауы – алтын медаль) алған бетте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Тастанбек Есентаевты сөзге тартқан едік.

Сонда таңертеңнен кешке дейін ескекшілеріміздің өнерлерін бастан-аяқ тамашалаған Тастанбек Құтжанұлы өз пікірін ортаға салды:

Бүгін ескекшілеріміз финалдық 12 бәйгенің 11-інде бақ сынап, 10 жүлде олжалады. Оның бесеуі – саф алтын. Әрі өз мойындарына алған мақсаттарынан әлдеқайда асып түсіп отыр. Бұл осы спорт түрінен дайындық жұмыстарының өте жоғары деңгейде әрі мақсатты түрде жүргізілгендігін көрсетеді. Бірінші кезекте, осы спортшыларды дайындаған бапкерлеріміздің еңбектерін ерекше атап өткім келеді. Содан соң сенімді ақтаған спортшыларымыздың құттықтағым келеді. Осы жерде отырып, жағажай волейболындағы жігіттеріміздің де алтын медаль жеңіп алғандарын естіп отырмыз. Бүгін бір сәтті, қанжығамыз қанданып, қоржынымыз майланған күн болды. Мен барлық отандық жанкүйерлерді осы тамаша жетістігімізбен құттықтаймын. Жеңісіміз жеңіске жалғассын, – деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан спортшылары ХVІІ жазғы Азия ойындарында бақтары жанып, 13 медаль (оның алтауы – алтын) олжалады. Қазір ел қоржынында барлығы 53 медаль (15 алтын, 16 күміс, 22 қола) бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети