“Ешкім ешкімді ұрған жоқ“: Сәпиев пен оның орынбасарының кикілжіңі туралы не айтылып жатыр?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ешкім ешкімді ұрған жоқ“: Сәпиев пен оның орынбасарының кикілжіңі туралы не айтылып жатыр? Видео кадры/instagram.com/daurenesimkhanov/

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Оқиға туралы білетін және қатысы бар адамдар не дейді? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

БАҚ пен әлеуметтік желілерде Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Оқиға туралы білетін және қатысы бар адамдар не дейді? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Сәпиев пен Есімханов арасындағы кикілжіңнен кейін Қарағанды облысының Полиция департаментіне соққы дерегі бойынша арыз түскен. Оқиға видеоға түсіп қалған және кадрлар әлеуметтік желілерде тарады.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің басшысы Аян Төлеген өзінің жеке Telegram-арнасында бұл жай ғана спортшылар арасындағы жанжал емес екенін айтты.

"Желіде Есімхановтың басшының рұқсатынсыз құжаттарға қол қойғаны жазылып жатыр. Сондай-ақ 2025 жылы онымен мемлекеттік қызметтің этикалық қағидаларын сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгені айтылды. Өңірлерде Мемлекет басшысы бастаған ел басшылығының билік вертикалін күшейту жөніндегі бастамасын бәрі бірдей қолдай қойған жоқ... Қоғам бұл төбелеске қатысты қалыптасқан жағдайды дұрыс түсінуі керек. Мұнда балуан мен боксшы кім мықты екенін анықтаған жоқ. Бұл билікке тікелей іріткі салу және Олимпиада чемпионының ар-намысы мен қадір-қасиетіне жасалған қастандық", - деп мәлімдеді Аян Төлеген.

Оқиғаға қатысты ММА, джиу-джитсу және каратэден әлем чемпионы, аралас жекпе-жек бойынша сарапшы Айдар Махметов те пікір білдірді.

"Мен қазір ғана Серік Сәпиевпен сөйлестім. Оның орынбасары Есімхановпен болған қақтығыс тек жұмыс мәселелері бойынша, қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартуға байланысты туындаған. Ерекше атап өткім келеді: қандай да бір физикалық қақтығыс туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. БАҚ өкілдерінен мұндай қауесеттерді таратпауын сұраймын", - делінген Махметовтің мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай толық реттелген, тараптар өзара түсіністікке келген және кикілжің шешілген.

Мән-жайы

Бұған дейін Қарағандыда бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты жанжал туындағаны хабарланған болатын. Оқиға 21 қаңтарда Қарағандыдағы спорт мектебінің аумағында болғаны айтылған еді. Алдымен ауызша кикілжің туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Салдарынан Серік Сәпиев дене жарақатын алған.

Желіде мекемеде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар тарады. Видеода Серік Сәпиевке ұқсас адам кабинетке кіріп, біраз уақыттан соң костюмсіз, ақ жейдемен асығыс шыққаны көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course down  589.88  course down  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети