фото ©kazakhstanbarysy.kz
Былтыр қараша айында қазақ күресінен Жамбыл облысында мәресіне халықаралық "Еуразия барысы" турнирін өткізуге сұраныс білдіріп отырған елдер көп деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевқа сілтеме жасап. "Еуразия барысы" турнирін бірінші рет өткізгеннен кейін біз үшін таңсық болды. Осыдан кейін қазақ күресіне қызығушылық білдірген басқа мемлекеттер өте көп болды. Мысалы, Ресей, Польша секілді елдерде қазақ күресінің федерациясы ашылып жатыр. Осы тәжірибені жалғастыра отырып, біраз шараны қолға алсақ дейміз", - деді Арман Шораев. Қазақ күресін дамытуға қатысты көптеген жұмыстар жасалып жатқандығынан Арман Шораев мысал келтірді. Мәселен, биыл Түркияда өтетін халықаралық сайыс бағдарламасына қазақ күресі еніп отыр екен. "Халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған турнирді өткізуге ықылыс білдірген елдер бар. Мысалы, Венгрия астанасы Будапешт қаласында "Еуразия барысын" өткізу туралы ұсыныс түсті. Біз оларды толығымен қолдаймыз", - деді Арман Шораев.
Былтыр қараша айында қазақ күресінен Жамбыл облысында мәресіне халықаралық "Еуразия барысы" турнирін өткізуге сұраныс білдіріп отырған елдер көп деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан барысы" қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораевқа сілтеме жасап.
"Еуразия барысы" турнирін бірінші рет өткізгеннен кейін біз үшін таңсық болды. Осыдан кейін қазақ күресіне қызығушылық білдірген басқа мемлекеттер өте көп болды. Мысалы, Ресей, Польша секілді елдерде қазақ күресінің федерациясы ашылып жатыр. Осы тәжірибені жалғастыра отырып, біраз шараны қолға алсақ дейміз", - деді Арман Шораев.
Қазақ күресін дамытуға қатысты көптеген жұмыстар жасалып жатқандығынан Арман Шораев мысал келтірді. Мәселен, биыл Түркияда өтетін халықаралық сайыс бағдарламасына қазақ күресі еніп отыр екен.
"Халықаралық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған турнирді өткізуге ықылыс білдірген елдер бар. Мысалы, Венгрия астанасы Будапешт қаласында "Еуразия барысын" өткізу туралы ұсыныс түсті. Біз оларды толығымен қолдаймыз", - деді Арман Шораев.