Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың допинг үшін спорттан шеттетілгені туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың допинг үшін спорттан шеттетілгені туралы ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
4 жылдан 8 жылға дейінгі ұзақ уақытқа созылатын дисквалификацияның себебі деп федерациядағылар спортшылардың тыйым салынған препараттардың ағзаға қасақана түсірмегендігін дәлелдей алмауы деп атады.
"Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (ХААФ) Хьюстондағы әлем чемпионатынан кейін 2015 жылдың желтоқсанында допинг-сынамаларында тыйым салынған субстанциялар анықталған қазақстандық спортшылар Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайларға жаза шығарды. Дисквалификацияның осыншалықты ұзақ болуы спортшылардың ағзаға тыйым салынбаған препараттың қасақана түсірілмегенін дәлелдей алмауына байланысты. ХААФ тәртіптік комиссиясының пікірінше, атлеттер ішкен қосымша астарына қажетті түрде назар аудармаған", - делінген федерацияның сайтында жарияланған хабарламада.
Еске салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыратлеттер Алмас Өтешов, Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайды допинг қолданғаны үшін дисквалификациялаған еді.