Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді Федор Емельяненко. Сурет: Fight Nights Global 50

Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті.

Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды. Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді.

Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған. Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған болып есептелген. 

Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді.

"Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін, бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жекім", - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети