Фелпстің Олимпиадада алған алтындарының саны 22-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фелпстің Олимпиадада алған алтындарының саны 22-ге жетті Майкл Фелпс. © Reuters

Америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 200 метр қашықтықта кешенді жүзуден жеңіcке жетіп, өзінің спорт мансабындағы 22-ші алтынды иеленді, - деп хабарлайды Р-спорт.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық жүзуші Майкл Фелпс Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 200 метр қашықтықта кешенді жүзуден жеңіcке жетіп, өзінің спорт мансабындағы 22-ші алтынды иеленді, - деп хабарлайды Р-спорт.

31 жастағы спортшы осы қашықтықты финалда бір минут 54,66 секундта жүзіп өткен. Осыған дейін Риода Фелпс алтын медальді 200 метр қашықтықты баттерфляй және еркін түрдегі эстафета стилінде жеңімпаз атанған.

Күміс медальді екі секундқа кеш келген жапон спортшысы Косуке Хагино (1.56,61) алды. Қоланы қытайлық Ван Шуня (1.57,05) алған. Осы қашықтықта әлем рекордшысы Райан Лохте тек бесінші болып келді (1.57,47).

Фелпс әлемдегі 22 рет Олимпиада чемпионы болған жалғыз адам. Жалпы Олимпиада ойындарында америкалықтың қоржынында 26 медаль бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети