12 қыркүйек 2014 | 14:37

ФИФА БҰҰ-мен бірге Эбола безгегіне қарсы күреседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

ФИФА президенті Йозеф Блаттер. ©itar-tass.com ФИФА президенті Йозеф Блаттер. ©itar-tass.com

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Эбола безгегіне қарсы күресу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық келісімге келді. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлайды. 


Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Эбола безгегіне қарсы күресу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастық келісімге келді. Бұл туралы федерацияның ресми сайты хабарлайды. 

Эбола безгегінің алдын алу үшін ФИФА Либериядағы екі стадионға медициналық шатыр тігуге рұқсат беріп отыр. "БҰҰ-мен бірлесе отырып футболдың құдіретін біз Эбола безгегіне де қарсы қолдана аламыз", - дейді ФИФА президенті Йозеф Блаттер. 

Президенттің айтуына қарағанда, ұйымның 25 қыркүйек күні өтетін қаржы комитеті отырысы барысында Эбола безгегінен зардап шегіп отырған Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинея сынды мемлекеттерге қанша қаржы бөлінетіні анықталады. 

Еске сала кетейік, Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет. Эбола безгегі Батыс Африка аумағында осы жылдың ақпан айынан бері тарала бастады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, індеттен бірнеше мемлекетте 2100-ге жуық адам қайтыс болды, безгекті тағы 4000-ға жуық адам жұқтырды. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы ауруды жұқтыру деректерінің "геометриялық прогрессия бойынша" көбейіп бара жатқанын мәлімдеді. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети