Фируза Шәріпова жекпе-жекте әлемнің абсолют чемпионына есе жіберді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фируза Шәріпова жекпе-жекте әлемнің абсолют чемпионына есе жіберді Фото: vesti.kz

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Кэти Тэйлордан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Кэти Тэйлордан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ирландиялық файтердің бүкіл чемпиондық белбеуі сарапқа салынған жекпе-жек Ливерпульде (Англия) өтті. Бокс кешін ұлыбританиялық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырды.

Жекпе-жек екі минуттық он раундқа жоспарланған және сол уақытқа созылды. Шәріпова Тэйлордың пайдасына 98:92, 97:92, 96:93 есебімен ұтылып қалды. Сонымен қатар, алтыншы раундта қазақстандықтан ұпайды алып тастады.

Шәріпова үшін бұл жеңіліс кәсіпқой бокстағы екінші жеңіліс болды. Алғаш рет ол бірінші жекпе-жекте жеңіліп, кейін 14 жеңіс сериясын қайталаған болатын.

Тейлор үшін бұл қатарынан 20-жеңіс болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети