Бүгін Алматыда өткен ресми қабылдауда FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин Универсиаде-2017 дайындығын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Алматыда өткен ресми қабылдауда FISU Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин Универсиаде-2017 дайындығын жоғары бағалады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін сіздерді осы жерде көру үлкен құрмет! Біріншіден FISU командасының атынан осы Универсиаданы қазақ жерінде өткізу үшін барын салып атсалысқандарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Рақмет" деймін, ұйымдастырушы комитет пен осы шараның өтуі үшін күндіз түні тер төккен адамдарға алғыс білдіремін", - деді FISU президенті.
Сонымен қатар, Матыциның айтуынша, әр Универсиада өзіндік ерекшелігімен есте қалған, алайда Алматыда өтетін Универсиада біз күткеннен де жоғары деңгейде, дейді ол.
Айта кетейік, Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысады.