"Сәрсенбі күні Forbes журналы әлемдегі ең жоғарғы ақы алатын 100 спортшының дәстүрлі рейтингін жариялады. Басылымның нұсқасы бойынша соңғы 12 айда ең көп ақша тапқан, әлемнің ең мықты боксшыларының көшін бастаған, 37 жастағы америкалық кіші Флойд Мейвезер. Оның жылдық табысы 105 миллион долларды құраған" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Журналдың есептеуі бойынша, Мейвезер осы жылдың мамыр айында Маркос Майданамен болған жекпе-жек үшін 32 миллион доллар алған және 73 миллион долларды өткен жылдың қыркүйек айында Саул Альвареспен жұдырықтасқаны үшін алған. Флойдтың шаршы алаңдағы лақап аты Money (Ақша).
Рейтингтегі екінші орын "Реал Мадрид" футбол клубының португалдық легионері Криштиану Роналдуға бұйырыпты. Ол бір жылда 80 миллион доллар табыс тапқан. Оның 28 миллион доллары жарнамалардан түскен.
"Майами Хит" баскетболшысы Леброн Джеймс 72,3 миллион доллар табыспен үшінші орынға тұрақтаған. Төртінші және бесінші орындарды сәйкесінше Лионель Месси (64,7) және Коби Брайант (61,5) иеленген.
Сондай-ақ, алғашқы ондыққа гольфші Тайгер Вудс (61,2), теннисші Роджер Федерер (56,2), гольфші Фил Микельсон (53,2), әлемнің бірінші ракеткасы Рафаэль Надаль (44,5) және америка футболының өкілі Мэтт Райан (43,8) кірген.
Украиндық боксшы Владимир Кличко 28 миллион доллармен 25 орынға табан тіресе, 24,4 миллион доллар табыс тапқан ресейлік теннисші Мария Шарапова 34-орынды қанағат тұтыпты.