Forbes ең бай спортшылардың тізімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Forbes ең бай спортшылардың тізімін жариялады Тайгер Вудс. © Twitter

Forbes журналы соңғы 10 жылда ең көп жалақы алған спортшылардың тізімін жариялады. Рейтингке соңғы онжылдықта белсенділік танытқан атақтылар ғана енді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Forbes журналы соңғы 10 жылда ең көп жалақы алған спортшылардың тізімін жариялады. Рейтингке соңғы онжылдықта белсенділік танытқан атақтылар ғана енді.

Бірінші орында - гольфшы Тайгер Вудс. Ол соңғы 10 жылдың ішінде 845 миллион доллар табыс тапқан. Ал екінші орында - боксшы Флойд Мейвезер. Forbes журналының бағалауынша, соңғы 10 жылда Мейвезер 660 миллион доллар тапқан. Бұл соманың жартысына жуығын ол Мэнни Пакьяомен өткізген бір кездесуі үшін алды. Айта кетейік, Мейвезер қыркүйекте спорттық мәнсабын аяқтады. Үшінші орында - баскетболшы Коби Брайант. Оның табысы - 475 миллион доллар.

Сонымен қатар, бірінші ондыққа баскетболшы Леброн Джеймс (472 миллион), гольфшы Фил Микельсон (468 миллион), теннисші Роджер Федерер (455 миллион), футболшы Дэвид Бекхэм (441 миллион), боксшы Мэнни Пакьяо (432 миллион), футболшы Криштиану Роналду (407 миллион) және футболшы Лионель Месси (350 миллион) кірді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети