08 қаңтар 2016 09:53

Француздың белгілі даршысы 30 метр биіктіктен құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танкред Меле. © facebook.com/flying.frenchies Танкред Меле. © facebook.com/flying.frenchies

Француздың белгілі даршысы, Flying Frenchies акробаттар тобының негізін қалаған Танкред Меле 30 метр биіктіктен құлап, қайтыс болды. Бұл туралы топтың Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.


Француздың белгілі даршысы, Flying Frenchies акробаттар тобының негізін қалаған Танкред Меле 30 метр биіктіктен құлап, қайтыс болды. Бұл туралы топтың Facebook желісіндегі парақшасында хабарланды.

Қайғылы оқиға 5 қаңтарда Францияның оңтүстік-шығысында болған. Акробаттар әуе шарында жаңа қойылымды дайындап жатқан. Ал 32 жастағы Меле жерде аэростатты ұшыруға дайындалған. Осы сәтте әуе шары ұшып кетіп, даршы оған қолымен асылып ілініп қалған. 30 метр биіктікте ол құлап кеткен. 

Танкред Меле әлемде қатерлі спорттан танымал адам еді. Ол арқанмен жүріп, бейсджампингпен, вингсьютпен, альпинизммен және спорттың өзге де түрлерімен айналысатын. Flying Frenchies тобы жариялаған видеоларды миллиондаған адам көрді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети